Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы

    Б. Сәрсембеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Приозерск қаласының жер

    қатынастары, сәулет және

    қала құрлысы бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    2016 жылғы 17 ақпандағы

    С.Т. Бұқпантаев

    «Приозерск қаласы бойынша

    мемлекеттік кірістер

    басқармасы» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    2016 жылғы 17 ақпандағы

    Б. Т. Дүйсенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.