Қарқаралы аудандық мәслихатының ХХV сессиясының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/203 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының XXV сессиясының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/203 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы «Қарқаралы» № 7-8 (11234) газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 26 - тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Т.Даутов
Аудандық мәслихат хатшысы
С. Нуркенов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Б. Жуманбаев
«19» мамыр 2016 жыл
«Қарқаралы ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________Б. Берниязов
«19» мамыр 2016 жыл
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.