«Поликлиника № 2 города Рудный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Поликлиника № 2 города Рудный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қостанай облысы, Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойынша 150 келушіні қабылдайтын емхана салу» жобасына арналған мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,1957 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы телефондандыру желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0070 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы су құбыры желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0224 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кәріз желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0100 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы жылу желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0013 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0198 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0194 га.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы
Т. Сақтағанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.