Отырар ауданының Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтері аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 15 маусымдағы №4 хаттамасы негізінде, Отырар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы шешімнің Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е.Айтаханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.