Мақтаарал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 маусым 2016 ж.

    Мақтаарал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Мақтаарал аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:

    1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы №28-150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2573 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған);

    2. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі №30-171-V «Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2679 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдедегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған);

    3. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-227-V «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2982 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған);

    4. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39-238-V «Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы №28-150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3050 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпандағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған);

    5. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №42-254-V ««Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі №30-171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3155 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған).

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    Ә.Асауов

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    М.Жайлымшиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.