Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12514 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;

    көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережеде:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары туралы үлгілік ереже»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Тексеру комиссиясына кәсіпкерлік субъектілерімен Тексеру комиссиясының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Тексеру комиссиясына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;

    13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының және бюджеттiк бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.»;

    14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) құқықтары:

    астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін қажетті құжаттаманы (ақпаратты) сұратады және алады;

    мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың барлығы орындауға міндетті анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті алады;

    мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қаулыда немесе нұсқамада белгіленген мерзімдерде ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы растайтын құжаттары қоса берілген ақпаратын алады;

    мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпаратын тыңдайды;

    мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тағайындаған адамдарға оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

    лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына (бұдан әрі – мәслихат) ұсыныстар енгізеді;

    өздері жұмыс істейтін аумақтағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдамалық қызметті жүзеге асырады;

    Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуді қозғайды;

    әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша бірлескен немесе қатар тексерулерді жүргізуге қатысады;

    мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олармен келісу бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олардың көрсететін қызметтеріне бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып тартады;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».;

    15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды дайындау арқылы кейіннен бағалау жүргізеді.»;

    19-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «17) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің астана, облыс, республикалық маңызы бар қала және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;».;

    20-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің астана, облыс, республикалық маңызы бар қала және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;»;

    мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

    «23-1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 3-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылған жағдайда Тексеру комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі мәслихатқа тексеру комиссиясының қызметін бағалаудың соңғы екі жылдағы нәтижелерімен қоса, Жоғары аудиторлық палатаның ұсыным хатын береді.».

    2. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері бойынша олардың қызметін рейтингтік бағалау жүзеге асырылады.

    Бір тексеру комиссиясы соңғы екі жылда тексеру комиссияларының қызметін бағалау рейтингінде бірінші позицияға ие болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға (органға) осы тексеру комиссиясының бірінші басшысын көтермелеу туралы ұсыным жіберіледі.

    Тексеру комиссиялары тексеру комиссияларының қызметін бағалау рейтингінде үш жыл қатарынан соңғы үш позицияның бірін иеленген жағдайда Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес ұсыныс шығарылады.

    Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген ұсыныс бағаланатын жылы тағайындалған тексеру комиссиясының төрағаларына қатысты шығарылмайды.».

    3. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

    5. Осы нормативтік қаулы 2026 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

    А. Смаилов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.