«Байзақ ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 454 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 сәуір 2016 ж.

    «Байзақ ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №454 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабының 1 тармағына және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы «Байзақ ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» №454 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №2766 болып тіркелген, Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінің 2015 жылғы 30 қыркүйегіндегі №95 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.

    Аудан әкімі

    М. Шүкеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.