Аудандық мәслихаттың шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 ақпан 2016 ж.

    Аудандық мәслихаттың шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 тамыздағы № 183 «Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4482 тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

    Сессия төрағасы

    Б. Тажімұратов

    Мәслихат хатшысы

    Б. Турлыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.