Талғар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 маусымдағы «Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 28-155 «Талғар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» және 2014 жылғы 06 мамырдағы № 32-176 «Талғар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 28-155 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» №5-25 шешімі

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 маусым 2016 ж.

    Талғар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 маусымдағы «Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 28-155 «Талғар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» және 2014 жылғы 06 мамырдағы № 32-176 «Талғар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 28-155 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» №5-25 шешімі

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәірдегі Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы «Талғар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 28-155 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 20 наурызында № 2621 тіркелген, аудандық «Талғар» газетінде 2014 жылдың 04 сәуірінде № 14 (4101) жарияланған) шешімінің;

    2. Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 мамырдағы «Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы «Талғар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 28-155 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 32-176 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 20 мамырында № 2726 тіркелген, аудандық «Талғар» газетінде 2014 жылдың 30 мамырында № 22 (4109) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    ____________________ Қ. Түргенбаев

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    __________________ Ж. Еңкебайұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.