"Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2016 ж.

    «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9505 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;

    2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Қ. Қасымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.