"Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 179 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2016 ж.

    "Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 179 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 179 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 59993 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276-277 (26697-26698) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):

    1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

    Ә. Исекешев

    «КЕЛІСІЛГЕН»:

    Қазақстан Республикасының Денсаулық

    сақтау және әлеуметтік даму министрі

    ______________________ Т. Дүйсенова

    2016 жылғы 17 маусым

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.