Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 маусым 2026 ж.

    Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық маслихат төрағасы

    Г. Смаилханова

    Шарбақты аудандық

    мәслихатының 2026 жылғы

    22 маусымдағы № 186/63

    шешіміне қосымша

    Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 35/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412-14 болып тіркелген).

    2. «Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 35/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 84/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574-14 болып тіркелген).

    3. «Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 35/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 113/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7633-14 болып тіркелген).

    4. «Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 35/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 126/42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7655-14 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.