Созақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Созақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
Аудан әкімі
М.Исаев
Созақ ауданы әкімдігінің
«2» маусым 2016 жылғы
№213 қаулысына қосымша
Созақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №150 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2660 тіркелген, 2014 жылғы 21мамырдағы «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі №165 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №150 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3161 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырдағы «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.