Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 маусым 2026 ж.

    Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабындағы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жалпы ауданы 4962,5 гектар жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлермен 01-275-032-044, 01-275-032-061, 01-275-032-063, Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірлермен 01-275-006-132, 01-275-006-130, 01-275-006-140, Гастелло ауылының аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірімен 01-275-034-069, Тассуат ауылының аумағында орналасқан, Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 27 сәуірге дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы (келісу бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жарқайың ауданы әкімінің міндетін атқарушы

    Д. Сыздықов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.