«Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңының 1 бабы 1 тармағына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдеде № 13-2-103 тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдеде «Аққайың» газетінде, 2009 жылғы 30 шілдеде «Колос» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты таратылады.
VI шақырылған III сессия төрағасы
_________ C. Семенюк
Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы
________ C. Мұқанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің мемлекеттік
кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің
Аққайың ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
____________ М. Ағажанов
2016 жылғы 18 мамыр
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.