Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 173/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 маусым 2026 ж.

    Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 173/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 173/58 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

    3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;

    6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Шарбақты ауданында тіркелген келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:

    1) Мемлекеттік корпорацияның тізбесі негізінде мереке күндері мен атаулы күндерге орай алушылардың өтініштері талап етілмей біржолғы әлеуметтік көмек:

    15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай:

    оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

    Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:

    мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне орай:

    1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай:

    2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғыақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

    Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

    майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

     қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

     басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 200000 (екі жүз мың) АЕК мөлшерінде;

    1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға 150000 (жүз елу мың) АЕК мөлшерінде;

    1986 жылдан бастап 1991 жылғы дейінгі кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрам адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

    1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» № 322-VI ЗРК Заңының 4, 5, 6-баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

     Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 60 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

    31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:

    сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаhaрманы» атақтарына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:

    18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

    Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектергі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

    1 қазан – Қарттар күніне орай:

    зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

    зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

    25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай:

    Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

    Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

    2) (сауықтыруға) емделуге арналған әлеуметтік көмек:

    басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға (сауықтыруға) емделуге бір рет 50 (елу) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

    3) гемодиализ аппаратын пайдаланатын 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек:

    бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ процедурасын алатындарға) ай сайын 15 АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде;

    4) мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүруге арналған әлеуметтік көмек:

    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі, шот-фактура) негізінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуге заңды өкілінің еріп жүруіне бір рет 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі, шот-фактура) негізінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емделуге заңды өкілінің еріп жүруіне бір рет 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;

    5) коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған әлеуметтік көмек:

    басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға тоқсан сайын (коммуналдық қызметтерді төлеуге) 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

    6) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек:

    дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты азаматтарға (отбасыларға) бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес көрсету мерзімі залал туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;

    7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек:

    өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты азаматтарға (отбасыларға) бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес көрсету мерзімі залал туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;

    8) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек:

    амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

    созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    қатерлі ісіктер аурумен ауыратын тұлғаларға бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде;

    психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    орфандық аурулардан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    нерв жүйесінің дегенеративті ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    эпилепсия ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

    ми тамырларының ауруларынан (инсульттер) (1 жыл ішінде) зардап шегетін тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде.

    Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша кодына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардардың жеке (карточкалық) банктік шот деректемелерін көрсете отырып, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынымен ұсынылады.

    Тізімді ұсынудың мерзімі есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін.

    Әлеуметтік көмек алушының «Тіркелген халықтың тізілімі» ақпараттық жүйесінде тіркелген және тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымында мәліметтер болмаған жағдайда әлеуметтік көмек жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде көрсетіледі;

    9) ақшалай түрде әлеуметтік көмек:

    он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

    10) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек:

    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді қоса бере отырып өтініш негізінде учаскелік комиссияның тексеру актісіне сәйкес қатты отын сатып алуға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын отбасыларға (азаматтарға) бір рет 20 (он) АЕК мөлшерінде.»;

    12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «12. Әлеуметтік көмек:

    1) алушы қайтыс болған;

    2) алушы Шарбақты ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

    3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

    4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

    5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

    Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

    Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

    Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Г. Смаилханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.