Аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 тамыз 2013 ж.

    Аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. 2014 жылғы 1 қантардан бастап күші жойылды деп танылсын.

    1) «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 88 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2009 жылдың 20 мамырында № 3-7-66 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырдағы «Қобда» газетінің № 21 жарияланған.

    2) «Қобда ауданы бойынша стационарлық емделу жүрген туберкулез аурымен ауратын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 27 шілдедегі № 217 шешімі Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2011 жылдың 16 тамызында № 3-7-124 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызындағы «Қобда» газетінің № 36 жарияланған.

    3) «Аудандық мәслихаттын 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 88 «Халықтық әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 28 маусымдағы № 31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2012 жылдын 24 шілдеде № 3-7-150 болып тіркелген, 2012 жылғы 2 тамызда «Қобда» газетінің № 36 жарияланған.

    4) «Қобда ауданы бойынша стационарлық емделу жүрген туберкулез аурымен ауратын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттын 2011 жылғы 27 шілдедегі № 217 шешіміне өзгерестер енгізу туралы» аудандық мәслихаттын 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 59 шешімі (нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тізімде 2013 жылдын 10 қантарында № 3486 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қантарындағы «Қобда» газетінің № 4 жарияланған.

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Аудандық мәслихат сессия төрайымы

    Д. АРЫСТАНОВА

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    Л. ИСМАҒАМБЕТОВА

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.