Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2016 ж.

    Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының көшірмесі Атырау облысы Әділет департаментіне жіберілсін.

    3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қалиевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Құттұмұрат-ұлы

    Аудандық әкімдігінің 2016 жылғы

    «8» мусымдағы №174

    қаулысына қосымша

    Махамбет аудандық әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылары

    1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Махамбет аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3088 тіркелген, «Жайық шұғыласы» газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);

    2. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы №2 «Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3089 тіркелген, «Жайық шұғыласы» газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);

    3. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы №3 «Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3090 тіркелген, «Жайық шұғыласы» газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.