«Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 маусым 2026 ж.

    «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13330 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-17) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 143) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 19-17) тармақшасына сәйкес әзірленген және телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.»;

    5-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «20) экономикалық ресурстар – өндірістік-шаруашылық қызметте пайдаланылатын, еңбек, капитал (негізгі құралдар), айналым қаражаты (материалдар), цифрлық ресурстар, қаржылық ресурстарға бөлінетін құралдар, шығу көздері жиынтығы.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Бөлек есепке алу бухгалтерлік және басқарушылық есеп жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген, олар осы Қағидаларға сәйкес қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейімен қамтамасыз етіледі. Осы Қағидалар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес белгілі бір қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 115-бабына сәйкес телекоммуникациялар байланысы қызметінің және пошта байланысының әмбебап қызметтері операторларының салық есептілігін ұсыну тәртібі мен нысанына қолданылмайды.»;

    16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бұл ретте бөлек есепке алудың ресурстары мен бизнес-процесінің тиісті түрлеріне негізгі құралдар бойынша талдамалық есеп себеп-салдарлық байланыс негізінде, сондай-ақ аумақтық белгісі бойынша цифрлық жүйеде немесе негізгі құралды есепке алу карточкаларында жүргізіледі.»;

    17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қызметкерлерге жұмсалатын шығындар» бабы бойынша деректерді көрсетуге жұмыс уақытын есепке алу табельдері негіздеме болып табылады, олар бизнес-процестердің тиісті кодтарын көрсете отырып, цифрлық жүйелерде және/немесе бланкілерде қолмен, электронды форматта толтырылады.»;

    13-қосымшаның бірінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    Жол­дар
    Ре­сур­стар
    Бө­лу ба­за­сы­ның ата­уы
    Биз­нес-про­це­стер
    Биз­нес- про­цесс бой­ын­ша бар­лы­ғы
    1-қо­сым­ша мен са­лы­сты­рып тек­се­ру
    Ауыт­қу­лар
    Негіз­гі
    Қо­сал­қы
    Ме­недж мент про­це­сте рі
    Қыз­мет­тер­ді бас­қа­ру және са­ту
    Же­лі­ні және же­лі эле­мент­те­рін бас­қа­ру
    Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ре­сур­стар мен қам­та­ма­сыз ету
    Цифрлық ресурстар мен қам тамасыз ету
    Инфра құрылым объектерін, инфра құ рылымды, көлікті және ма­териалдық емес активтерін басқару
    Өзге қо­сал­қы­ла­ры
    »;
    14-қосымшада:
    реттік нөмірі 1.2 жолдың екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
    «Цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету»;
    реттік нөмірі 2.2 жолдың екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
    «Цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету»;
    реттік нөмірі 3.2 жолдың екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
    «Цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету».
    2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

    Ж. Мадиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.