Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 ақпан 2016 ж.

    Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

    1) Алматы қаласы әкімдігінің «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1052болып тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы.

    2) Алматы қаласы әкімдігінің «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/123 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1148 болып тіркелген, 2015жылғы 21 наурызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы.

    2. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:

    1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;

    2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.

    Алматы қаласының әкімі

    Б. Байбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.