«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

    5) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) – «цифрлық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған цифрлық инфрақұрылым, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

    6) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналастырылған, СМЦЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

    7) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге тексеру одақтарының шығындарын субсидиялау жөніндегі жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталында орналастырады.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Субсидияларды алу шарттары мыналар болып табылады:

    1) «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматындағы ішкі аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса бере отырып, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру.

    «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

    Жергілікті атқарушы орган Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне субсидиялар алу сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы мен СМЦЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының цифрлық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

    2) СМЦЖ-да өтінімнің тіркелуі;

    3) СМЦЖ-да жеке шоттың болуы тексеру одағына өтінімді СМЦЖ-да тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

    4) СМЦЖ мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі цифрлық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету фактісінің расталуы (тексеру одағының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

    5) өзіне (өздеріне) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативінің (кооперативтерінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төлеудің болмауы.»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМЦЖ-да іркіліс болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган туындаған жағдай туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін (бұдан әрі – Министрлік) дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

    Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМЦЖ-ға орналастырады.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Өтінімдерді қабылдау тексеру одағының аудиті жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділікті беру үшін:

    1) тексеру одағында СМЦЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ-ы болады;

    2) жергілікті атқарушы орган жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Өтінімді қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

    1) СМЦЖ осы Қағидалардың 5-тармағы 4) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;

    2) өтінім тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен СМЦЖ-да тіркеледі және жергілікті атқарушы органның Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жергілікті атқарушы органның электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.

    Тексеру одағы жергілікті атқарушы орган төлем шотын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, тексеру одағы қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Жергілікті атқарушы орган Қаржыландыру жоспарына сәйкес «цифрлық үкіметтің» веб-порталында «Қазынашылық-Клиент» цифрлық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлем шотын осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде қалыптастырады.

    Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.»;

    14-1-тармақ алып тасталсын;

    Қағидаларға 2-қосымша бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының екінші, төртінші, алтыншы және қырық екінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы

    министрі

    2026 жылғы 22 маусымдағы

    № 251 бұйрығына

    қосымша

    Ауыл шаруашылығы

    кооперативтерінің тексеру

    одақтарының ауыл шаруашылығы

    кооперативтерінің ішкі аудитін

    жүргізуге арналған шығындарын

    субсидиялау қағидаларына

    2-қосымша

    «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы – жоқ.

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Заң­ды тұ­лға­лар­дың (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) өті­нім­де­рін қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «цифр­лық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    3 (үш) жұ­мыс кү­ні
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Суб­си­ди­я­лар­ды ауда­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­дар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін жү­гін­ген кез­де, Заң­ның ко­дек­сі мен 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­нім­дер­ді қа­был­дау неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) ти­іс­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 8 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1-1/1069 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12677 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рі­нің іш­кі ауди­тін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рі­нің тек­се­ру одақ­та­ры­ның шы­ғын­да­рын суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пор­тал­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да суб­си­дия алу­ға ар­нал­ған өті­нім­ді ұсы­на­ды.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «цифр­лық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті цифр­лық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер Қа­ғи­да­лар өзгер­ген күн­нен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты өзек­тен­ді­ре­ді және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жі­бе­ре­ді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.