Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 20/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3350 болып тіркелген, 2014 жылғы 23-31 мамырдағы № 18 «Абай елі» газетінде жарияланған) шешімі;
2) «Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 20/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 маусымдағы № 29/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4091 болып тіркелген, 2015 жылғы 24-31 тамыздағы № 32 «Абай елі» газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қ. Нұғымаров
Мәслихат хатшысы
Е. Лдибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.