«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3705 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 сәуірде аудандық «Көтерілген тың», «Нива» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Базарханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.