Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 маусым 2016 ж.

    Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы

    Аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестендіру мақсатында Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қосымшаға сәйкес Теректі аудандық мәслихаттың шешімдері күші жойылды деп танылсын.

    2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімді әділет органдарына жолдауын, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Сессия төрағасының міндетін атқарушы

    Ә.Нұрғалиев

    Аудандық мәслихат хатшысы

    Ә.Нұрғалиев

    Теректі аудандық мәслихаттың

    2016 жылғы 22 маусымдағы

    №5-3 шешіміне қосымша

    1. Теректі аудандық мәслихатының «Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 наурыздағы № 10-3 шешімі, нормативтік –құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3281 тіркелген (2013 жылғы 17 мамырдағы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» №20 газетінде жарияланған);

    2. Теректі аудандық мәслихаттың «Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №10-3 «Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 16 шілдедегі №14-2 шешімі, нормативтік –құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3333 тіркелген (2013 жылғы 9 тамыздағы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» №34-35 газетінде жарияланған);

    3. Теректі аудандық мәслихаттың «Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №10-3 «Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 22 қазандағы №16-2 шешімі, нормативтік –құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3357 тіркелген (2013 жылғы 22 қарашадағы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» №51 газетінде жарияланған);

    4. Теректі аудандық мәслихаттың «Теректі аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы №19-3 шешімі, нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3459 тіркелген.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.