Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік мүлікті бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге тиіс иелену және пайдалану құқықтарын және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алу мәселелерін қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін өкілетті орган ретінде айқындалсын.
2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.