"Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11188 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

    «Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

    Қазақстан Республикасының Әділет министрі

    Б. Имашев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрi

    ______________Е. Досаев

    «___» __________2016 ж.

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрi

    ______________Қ. Бишімбаев

    «___» __________2016 ж.

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар және даму министрi

    ______________ Ә. Исекешев

    4 мамыр 2016 ж.

    2016 жылғы 28 сәуірдегі № 196

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің бұйрығына

    қосымша

    «Сот-сараптама қызметiмен 

    айналысу үшiн лицензия беру»

    мемлекеттiк көрсетiлетiн  

    қызмет стандартында    

    2-қосымша

    нысан        

    Қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер түрi

    Жеке сәйкестендіру нөмері ___________________________________________

    Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________

    Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
    Куәлiк/куәлiкке қосымша нөмiрi
    Куәлiк/куәлiкке қосымша
    берiлген күнi
    Сот сараптамасы бойынша мамандығы (куәлiк/куәлiкке қосымша)
     
    Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша бiлiктiлiк емтихандарын тапсырғанын растайтын бiлiктiлiк куәлiгiнiң болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.