"Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметiн қоспағанда, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 сәуір 2016 ж.

    «Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметiн қоспағанда, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар  туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметiн қоспағанда, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген, 2015 жылы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:

    сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметiн қоспағанда, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiнде (әрі қарай – бiлiктiлiк талаптары):

    бiлiктiлiк талаптарының 4-тармағы алып тасталсын;

    бiлiктiлiк талаптарының 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    5.
    Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша – үш жылдан кем емес
    Еңбек кітапшасының немесе еңбек келісім шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі не қызмет ету тізімі.
    біліктілік талаптарына қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;
    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
    Қазақстан Республикасының

    Әділет министрі

    Б. Имашев

    «КЕЛІСІЛДІ»                            

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрi 

    ______________Е. Досаев

    «___» __________2016 ж.

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар және даму министрi

    ______________ Ә. Исекешев

    4 мамыр 2016 жыл

    2016 жылғы 28 сәуірдегі № 197

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің бұйрығына

    қосымша

    Cот-медициналық, сот- психиатриялық және

    сот-наркологиялық сараптама саласындағы

    сот-сараптама қызметiн қоспағанда,

    сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн

    қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға

    сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне

    1-қосымша

    Қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер түрi

    ЖСН _________________________________________________________

    Т.А.Ә. ______________________________________________________

    Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша бiлiктiлiк емтихандарын тапсырғанын растайтын бiлiктiлiк куәлiгiнiң болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:

    Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
    Куәлiк/куәлiкке қосымша нөмiрi
    Куәлiк/куәлiкке қосымша
    берiлген күнi
    Сот сараптамасы бойынша мамандығы (куәлiк/куәлiкке қосымша)
     

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.