Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 642 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 642 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 2883 болып тіркелген, Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы-Сельская новь» газетінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 нөмерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кежебаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
М.Шүкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.