Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» №49 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 37 бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» №49 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 2 наурыздағы №2955 болып тіркелген, Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі №36 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Шүкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.