«Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1 және 2-тармақтарына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегіЗаңының 19-бабының 4-тармағына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы»Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 956 тіркелді, 2015 жылғы 24 қазандағы № 119 (3324) «Астана ақшамы» және 2015 жылғы 24 қазандағы№ 119 (3342) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 1-тармағы келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 90 (тоқсан) теңге.».
2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін, кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғаламтор-ресурсында және Астана қаласы әкімдігінің ғаламтор-ресурсында жарияласын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында ресми мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі
Ә. Жақсыбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.