Ақмола облысы Көкшетау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2026 ж.

    Ақмола облысы Көкшетау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көкшетау қаласының келесі атаусыз көшелеріне:

    Бірлік шағын ауданындағы №1 көшеге Зейнолла Кенжеболатов көшесі;

    Бірлік шағын ауданындағы №3 көшеге Айдархан Байкенов көшесі;

    Бірлік шағын ауданындағы №4 көшеге Неғметжан Қасенов көшесі атаулары берілсін;

    2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облысының әкімі

    М. Ахметжанов

    Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

    Б. Жүсіпов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.