Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 25 сәуіріндегі «Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы» №111 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1 тармағына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 25 сәуіріндегі «Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-6-4 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 мамырдағы «Меркі тынысы» газетінде жарияланған) № 111 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меркі ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.Акекке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Б. Көпбосынов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.