Байзақ ауданының әкімиятының 2005 жылғы 13 мамырдағы №206 «Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданының әкімиятының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 206 «Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 22 маусымда № 10 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
М.Шүкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.