Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы «Меркі ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» № 541 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2016 ж.

    Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы «Меркі ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» №541 қаулысының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы «Меркі ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен қаржыландыру туралы» №541 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2822 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашадағы «Меркі тынысы-Меркенский вестник» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рысқұлбековке жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б. Көпбосынов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.