Меркі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 510 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2016 ж.

    Меркі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №510 қаулысының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Меркі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №510 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2010 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте «Меркі тынысы-Меркенский вестник» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б. Көпбосынов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.