2015 жылғы 13 шілдедегі «Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағына карантин белгілеу туралы» №9 шешімнің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8-тармағын басшылыққа алып, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 18 тамыздағы №304 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 шілдедегі «Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағына карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3946 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдедегі №29 (7096) «Жайық таңы» газетінде жарияланған) №9 шешімінің күші жойылсын.
2. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағында ұсақ мал арасында шешек ауруына белгіленген карантин мерзімі тоқтатылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қабыршақты ауылдық округінің әкімі
С.Алманбетова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.