Кербұлақ аудандық мәслихатының бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 маусым 2016 ж.

    Кербұлақ аудандық мәслихатының бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

    Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» № 27-165, (2014 жылдың 20 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2631 тіркелген, 2014 жылдың 4 сәуірінде аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің № 14 (3711) жарияланған)) шешімінің, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 мамырдағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» № 27-165 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 30-184, (2014 жылдың 22 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2732 тіркелген, 2014 жылдың 30 мамырында аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің № 22 (3719) жарияланған)) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    Сессия төрағасы

    ___________________ М. Айнабеков

    Мәслихат хатшысы

    ___________________ Б. Рысбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.