Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 471 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 471 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 471 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3009 болып енгізілген, 2015 жылғы 19 мамырда № 55 «Жетісу», 2015 жылғы 19 мамырдағы № 55 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Aлматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:

    1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;

    2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А. Баталов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.