Көшелерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 1 қазандағы қорытындысына сәйкес Нұра ауданы Кертінді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Кертінді ауылының көшелері:
1) Колхозная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
2) Механизатор көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;
3) Кеңес көшесі Мүтәш Сүлейменов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі
Е. Оспанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.