Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі «Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы» № 250/7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27- бабына және 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі «Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы» № 250/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 01 қыркүйегінде № 12-12-94 болып тіркелген, «Сельские будни» газетінде 2010 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 нөмерінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Б. Демеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.