Шыңғырлау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Тұрмағамбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі
А.Есалиев
2016 жылғы «15» маусымдағы № 65
Шыңғырлау ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбeсі
1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 72 ««Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3509 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда «Серпін» газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 25 ««Шыңғырлау ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3853 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірде «Серпін» газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 26 ««Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3849 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.