Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштерін жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 мамыр 2016 ж.

    Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштерін жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының  5 тармағына  сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Сессия төрағасы:

    Б.Омарбеков

    Мәслихат хатшысы:

    М.Нахипбеков

    Бәйдібек аудандық мәслихатының

    2016 жылғы 24 мамырдағы №4/25

    шешіміне қосымша

    Бәйдібек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №20/101 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2484 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Алғабас» газетінде жарияланған) шешімі:

    2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі №23/120 Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2622 тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Шаян» газетінде жарияланған) шешімі:

    3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы №36/191 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3127 тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Шаян» газетінде жарияланған) шешімі:

    4. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы №47/260 Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3600 тіркелген, 2016 жылғы 9 наурыздағы «Шаян» газетінде жарияланған) шешімі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.