Мәслихаттың 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Таза бұлақ Чистый родник» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына сәйкес».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
К. Сарбасов
Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Есмуханов
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
_________________ Е. Самидосов
2016 жыл 17 мамыр
Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Алтынсарин ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
___________________ Ш. Муканова
2016 жыл 17 мамыр
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.