«Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:

    1.«Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2706 тіркелген, 2014 жылғы 19 мамырда аудандық «Есіл Өңірі», 2014 жылғы 9 мамырда «Новости Приишимья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексы) Кодексының 386-бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:»;

    шешімінің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «1. «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 378-бабымен белгіленген, жер салығының ставкасын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер он есеге жоғарылатылсын.

    Жер салығының ставкалары осы Кодекстің 379, 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан елу пайызға өсірілсін.

    Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының III сессиясының төрайымы

    __________ Л. Әбдірахманова

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы

    __________Е. Әділбеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы қаржы

    Министрлігі Мемлекеттік кірістер

    Комитеті Солтүстік Қазақстан облысы

    бойынша Мемлекеттік кірістер

    Департаментінің Ғабит Мүсірепов

    атындағы аудан бойынша Мемлекеттік

    кірістер басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    _____________ А.Сүтемгенов

    2016 жылғы 24 мамыр

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.