Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы «Павлодар қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын орнату туралы» № 972/15 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2016 ж.

    Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы «Павлодар қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын орнату туралы» № 972/15 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылуына байланысты Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы «Павлодар қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын орнату туралы» № 972/15 қаулысының (Павлодар облысының Әділет департаментімен 2011 жылғы 26 мамырдағы № 12-1-172 тіркелді, 2011 жылы 30 мамырда № 21 «Версия», 2011 жылы 3 маусымда № 14 «Шаhар» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Т. Қ. Сқақовқа жүктелсін.

    Павлодар қаласының әкімі

    Н. Әшімбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.