Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қаңтар 2016 ж.

    Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 162 «Аягөз ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3798 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    Б. Нүкібаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.