"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 маусым 2016 ж.

    «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 маусымда № 11422 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 3 наурыздағы № 42 (28770), 2016 жылғы 3 наурыздағы № 42 (28168) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

    Е. Сағадиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.