Шиелі ауданында орналасқан «Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасын бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шиелі ауданында орналасқан «Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 3 сессиясының төрағасы
Р. Ысқақова
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы
Н. Байқадамов
КЕЛІСІЛДІ
«Қызылорда облысының мәдениет,
архивтер және құжаттама
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Е.Абдрахманов
2016 жылғы «19» мамыр
Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы «19» мамырдағы № 26 шешіміне
қосымша
Шиелі ауданында орналасқан «Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасы
|
№
|
Тарихи және мәдени ескерткіштің атауы, мерзімі
|
Ескерткіштің түрі
|
Ескерткіштің орналасқан жері
|
Қорғау аймағының көлемі
|
Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі
|
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі
|
|
1
|
Сауысқандық шатқалының аумағында орналасқан ескерткіштер тобы:
Сауысқандық шатқалындағыжартастағы бейнелер кешені (б.з.д ХVІІІ – б.з ІІІ ғ.ғ.)
Қорғандар
Қорымдар
|
археология
археология
археология
|
Шиелі ауданы, Еңбекші ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырымда (Қаратау жотасындағы Сауысқандық шатқалы)
|
85,7 гектар
|
130,1 гектар
|
122,8 гектар
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.