Әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 3 сессиясының төрағасы
Р. Ысқақова
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы
Н. Байқадамов
Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы 19 мамырдағы №25 шешіміне
қосымша
Әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесі
|
№
|
Қатынастар
|
|
1
|
Қызылорда – Бесарық (Жаңақорған ауданы)
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.