"2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    «2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    1) аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:

    «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі» 1 бөлімінің:

    реттік нөмірі төртінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:

    «
    4
    «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы», «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау» бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін мемлекеттік сараптамадан өткізу
    4 326
    »;
    «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі» 2 бөлімінің:
    реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
    «
    1
    Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде көше-жолдары желісінің құрылысы
    212 911
    »;
    2) аталған қаулымен бекітілген конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесiндегі:
    «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» 1 бөлімінің:
    реттік нөмірі үшінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
    «
    3
    Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру
    1 491
    »;
    3) аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
    «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі» 2 бөлімінің:
    реттік нөмірі екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
    «
    2
    Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру
    3 829
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.